Заң, ғылым және тәжірибе: иттер мен мысықтар популяциясын бақылаудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып тиімді шешу жолдары
2025-10-06 16:09
Maqsut Narikbayev University Center for Animal Law «INUCOBO» жануарларды қорғау қауымдастығы»ЗТБ-мен бірлесіп және «Kazakhstan Bar Association» заң кеңесшілері палатасындағы Animal Law комитетінің қолдауымен Сіздерді «Заң, ғылым және тәжірибе: иттер мен мысықтар популяциясын бақылаудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып тиімді шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Іс-шара 2025 жылғы 9 қазанда сағат 10:00-де өтеді және жануарларды құқықтық қорғау саласындағы сарапшыларды, депутаттарды, қоғам қайраткерлерін және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін Қазақстандағы жануарларға қарауды реттеу мәселелерін талқылау үшін біріктіреді.
Іс-шараның мақсаты – заңнаманы жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу және осы саладағы сәтті жүргізілген халықаралық тәжірибені талқылау.
Сіздерді қатысушылардың қатарында көруге қуанышты боламыз!